Мақпал Жүнісова әніне өзін қосқан ақын қыз айшолпанның өнерін қолдап, ақшалай сыйлық берді (видео)
Бір столдың басына жиналғандар Мақпал Жүнісованың жомарттығына тәнті болды
Мейрамханада Мақпал Жүнісова жиырма шақты адаммен бас қосқан. Сол жиында ақын қыз Айшолпан Төлеутай өнер көрсетіп, әншінің көңілінен шыққан сияқты. Қазақтың батырларының атын атап, ерлігін дәріптеген Айшолпан бүгінгі әлеуметтік жағдайды да әніне қосқан. Ол несиеге жіпсіз байланған халықтың күйін әнге қосқан.
Айшолпанның арқалы жырына риза болған жұрт оған ақшалай қолдау көрсетіп, жырлап тұрған жеріне барып ақша ұстатып, киіміне қыстырған. Сол жерге жиналғандардың ішінен ерекшеленген Мақпал Жүнісова Айшолпанның қасына барып, бір әні үшін өз қалтасынан 100 мың теңге ауданғанын көрсетті. Көпшілік тағы бір мәрте мақпал Жүнісованың жастарды қолдауына, жомарттығына тәнті болды.