Қоғам

"Бәрімізді жылатты". Сәкен Майғазиев "Харекет" қорымен бірге екі көзі көрмейтін талантты бүлдіршінге пәтер сыйлады

Көпшілік әншіге алғысын жаудырып, әрекеті елге үлгі боларлық екенін жарыса айтты

Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Харекет" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, екі көзі көрмейтін 12 жастағы бүлдіршінге жаңа пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, Кәусар есімді 12 жастағы балақайдың екі көзі көрмейді, оның үстіне целебралды сал ауруына шалдыққан. Осылайша, өнер иесі қайырымдылық қорының 1001-баспанасын Кәусар мен анасына табыстады.

Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.