Қоғам

"Кемел Тоқаев аудиториясы" ашылғаннан кейін қуылдым деген ұстаз жұмысында қалатын болды

Әл-Фараби атындағы университет ұстазы бұған дейін бірнеше министрліктен көмек сұраған еді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай университет басшылығының ешбір себепсіз жұмыстан шығарып жібергеніне қатысты наразылығын білдірді.

Бұл туралы ол өзінің Facebook – гі парақшасында жазды.

Дастан Қастай өзін еш себепсіз жұмыстан шығарған және ар-намысына нұқсан келтірген Университет басшылығының жазалануын және ҚазҰУ-дағы білім саясатының өзгертілуін талап етуде.

Жоғары оқу орнының оқытушысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Ашық хат жолдады.

Дастан Қастай жолдаған Ашық хатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап қатты.