Қоғам

Қазақстандық коуч: бірінші күйеуің алқаш болды ма, екіншісі ең мықты имам болса да ішіп кетеді (видео)

Ұлан Сқақов ер адамның ішіп кетуінің себебін білу үшін, әйелі бірге ішуі керек екенін айтты

Отбасыдағы қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы мәселе бойынша кеңес айтып жүрген Ұлан Сқақов көпшілікке  ел күтпеген кеңес берді. Оның сөзіне сенсек, ер адамның ішіп кетуіне себеп көп. Бірінші күйеуін "алқаш" деп ажырасқан әйелдің екінші күйеуі,  қайда барса да ішкіш болатынын сенімді түрде айтты. Тіпті Қазақстандағы ең мықты деген имамға тұрмысқа шықса, сол имамның өзі ішіп кетуі мүмкін екен. 

"Бірінші күйеуің алқаш болды ма? Екінші күйеуің де дәл солай болады.Тіпті Қазақстандағы ең мықты имамға тұрмысқа шықсаң да. Ол да ішіп кетуі әбден мүмкін. Бір сәтке ойланып көрдіңіздер ме? "Менің күйеуім неге ішіп жүр?"деп. Ер адам сырласатын жан таппағанда бөтелкемен дос болады. Егер күйеуіңнің бар сырын білгің келсе, бір күн қасында отырып ішіп, сырласып көрші. Мас адам ешқашан өтірік айтпайды",-дейді Ұлан Сқақов.

Мұны тыңдаған жұрт қайран қалған. тіпті кей әйелдер "Күйеуіміз ішсе де біз кінәліміз бе? Қосылып ішкіш болып, тең болыңдар дейсіз бе?" деген сынды өкпелерін жазған.