Қоғам

Жұмабек Жанықұлов: қазақты құртқан да, құртатын да -қазақ

Кәсіпкер "Міржақып,Оян, Қазақ!" фильмінен кейін әр адамды барлық істе адал болуға үндеді

Қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов "Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмінен кейін көпшілікті айналасына, қоршаған ортаға, әр істе адал болуға шақырды. Көпшілікті ұрпақ алдында қарабет болмау өте маңызды екенін түсінуге шақырды.

"Қазақты құртқан да құртатын да Қазақ, өкінішке орай. Мұны тоқтату үшін халықтың, бизнестің тағдырына ықпал ететін әр деңгейдегі шенеуніктер Әділ болуды жоғары қою керек. Әлбетте, шындық өз мәресіне жетеді, бірақ қанша адамның келешегіне зиян келтіріліп, күл талқанын шығарады.

Әділдікті жағымпаздыққа жығып беріп, оны заңмен безендіріп, өз өзімізді алдау - келешегімізге қиянат жасау.
Алаш зиялыларын көре алмай, өз тағдырына балта шапқанда сол қазақ. Олай болмағанда Қазақтың тағдыры мүлдем басқа жолмен дамуы мүмкін еді.

Болашақта өз ұрпағымыздан өзіміз ұялмайық, Ағайын! Ұлтымызды, елімізді дамығанын көргіміз келсе әрқашан әрқайсымыз Әділ болуымыз керек",-деп жазды кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов.