Басты жаңалықтар

Астанада әскери борышын өтеп жүргенҰлттық ұлан сарбазының басына оқ тиіп қайтыс болды

Туған-туысы марқұмның өлімі бойынша еш мәлімет ала алмай отырғандарын айтуда

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы қайтыс болған. Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайы бойынша толық ақпарат ала алмай журналистерден көмек сұрады.

"Мен 8 қазанда Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде борышын өтеп жүргенде қаза болған Қайсар Сұлтановтың анасының әпкесімін. Оның рұқсатымен атынан баяндап берейін.

Қайсар биыл мамырда заңгер мамандығын алып, Қарағанды ​​университетін бітіріп, бірден военкоматқа барады. Оның жоспары болды, тағдырын әскери жолмен байланыстырмақшы болып, өз еркімен әскерге аттанды. Өте жауапты бала. Өте сабырлы", - деп бөлісті жігіттің тәтесі Әсел Далабаева Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында.

Әйелдің айтуынша, жиені басына оқ тигеннен кейін қаза болған. Алайда бұл қалай болғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ, оқ кездейсоқ атылды ма, әлде жігіт өз-өзіне қол жұмсады ма, белгісіз.

Оның айтуынша, оқиғадан бір күн бұрын, яғни 7 қазанда жігіт үйге шығып, демалыс күні Астанаға ұлын қарсы алуға арнайы келген ата-анасымен кездескен. Қазір отбасы сот-медициналық сараптамадан кейін мәйітті алуды күтіп отыр.

Марқұм Қайсардың анасы өз-өзіне қол жұмсады немесе абайсызда оқ атылды деген болжаммен келіспейді. Тілшіге берген сұхбатында Сәуле Тілеубергенова әскерге тірі жіберген ұлының денесін алып кетуге мәжбүр екенін айтты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі оқиғаны растады. Сондай-ақ, олар өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

 

Болған жағдайға Ұлттық ұланның баспасөз қызметі түсінік берді. Қайғылы оқиға 9 қазанда болған.

"6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кіріскен. Штабтың кезекшісі және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгерді өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапқан", - дейді ведомство.

Жедел жәрдем жеткенше сарбаз оқиға орнында қайтыс боп кеткен. Ұлттық ұлан қызметкерлерінің айтуынша, оқиға тексеріліп жатыр, қызметтік тергеу басталды.

"6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер марқұм Қ.Сұлтановтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.