Бота Елеусізова Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды
Ол осыған дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды
Президент әкімшілігінің келісімімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен Бота Елеусізова Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Бота Елеусізова 1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі, Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болған.