Министр Ғани Бейсембаев тура қазір орамал тағып, мектепке бармай отырған қанша оқушы барын айтты
Оқу жылы басталғаннан бастап орамалды оқушы қыздардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаетың сөзінше биылғы оқу жылы басталғаннан әр өңір педогогтары өзіне қарасты аумақта қанша оқушы қыз орамалды таңдап, оқудан бас тартып отырғанын бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бір ғана Атырау облысында 150 - ден асатын қыз орамалды таңдапты. Министр олардың қазір қандай күйде екенін түсіндіріп берді.
"Қыркүйектің басында мұндай оқушылардың саны 150-ден көп болған. Бірақ ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, көбі мектептің бірінші міндеті сапалы білім мен тәрбие екенін түсінді. Қазіргі таңда мұндай мәселе жоқ, толығымен шешіліп жатыр. Ал басқа өңірлердің білім басқармалары берген ақпарат бойынша мектептерде орамал тағатын оқушылар жоқ", - деді Бейсембаев.