Қоғам

Петропавлда күйеуін пышақтап өлтірген дәрігерге сот үкімі шықты

Ол күйеуін пышақтаған сәтті ай-күні жетіп, босану уақытын күтіп жүрген

Павлодарда өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген Екібастұз тұрғынына қатысты үкімі шықты. Дәрігер әйел күйеуімен болған отбасылық жанжалда өзін және құрсағындағы баласын аман алып қалу үшін, мас күйде өзін сүйрелеген күйеуіне пышақ сермеген еді.

Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сот келіншекке қатысты үкім кесіп, оны кінәлі деп таныды.

Сот үкім шығарар кезде бұл отбасында осындай жағдай жиі болғанын, марқұмның қайғылы жағдайға  мас күйде әйілін өзі  арандатқанын назарға алған. 31 жастағы травматолог оқиғадан кейін барша халыққа видео үндеу жасаған еді. Онда ол тұрғын үйдің дәлізіндегі видоны көрсеткен. Онда ер адам жүкті әйелді сүйреп, ұруға әрекеттеніп, әуреге салған. Дәрігер сол кезде босанар аптасында еді. Ол ішіндегі баланың,  өзінің өміріне қауіп төнгендіктен  қорғандым деген еді.