Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған
2 сот орындаушы қызыметі тоқтаса да өздері жұмыс істеп, 87 баланың алиментін алып алған
Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.
Бүгінге дейін, прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.
Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.