32 жастағы әйел өзін алып қашып, ұлды болғаннан кейін тастап кеткен күйеуін іздеуде
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2023
- 2.8k
Алматы облысының тұрғыны Айдана Баханова 30-дан асқан шағында танысы өзін алып қашып, 8 ай бірге тұрған. Туған - туыс арасында жай ғана таныстық шайын жасаған. Айдана тұрмысқа шықпай тұрып 10 жаста ұлы барын айтқан, бірақ күйеуі ештеңеге қарамастан үйленген. Енді әйел екінші күйеуінен бір ұлды болды. Бірақ күйеуі із-түссіз жоқ. Айдананың қазіргі жоспары баланың әкесін тауып, жауапкершілікті мойнына ілу, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Мен далада жатқан адам емеспін. Басында 10 жасар ұлым бар десем ештеңеге қарамай алып қашып, туыстарына апарып орамал салды. Жарайды деп қалдым. Енді міне содан ұл тудым. Хабарсыз, қашып кетті. Келсін, қарассын мына баласына. Көмектессін маған. Қазір оңай емес, баланың памперсінің өзіне қыруар ақша кетеді. Соны тауып, алиментке бергім келеді",-дейді айдана Баханова.
Айдананың әпкесі болса күйеубаласын тіпті көрмеген, есімін де білмеймін дейді. Сіңлісі тұрмысқа шыққан сәтте бірінші некеден туған ұлын ата-анасына тастап кеткенін айтады.