Алматыда жоғалып кеткен «Томирис» фильмінің продюсеріне қатысты жаңа мәліметтер шықты
Ол соңғы рет қызына оны жақсы көретінін жазған
Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Екінші шілде күні кешкі тоғыздар шамасында кеткеннен қайта оралмаған. Телефоны мен құнды заттарын да үйінде қалдырған. Бірақ кетерінің алдында қызына хабарлама жіберген деп KYN.KZ Ктк арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Анасы Аннаның соңғы хабарламасы қызының көңіліне күдік ұялатқан. Алдыңғы күні кешкі тоғыздан 24 минут кеткенде жолдаған хатынан кейін жоғалған. Ұялы телефон мен басқа да заттарын өзімен алмаған. Жары Марат не деп жорамалдарын да білмейді. "Өмірден баз кешіп кетердей көре алмас қасы да, батқан қарызы да, тұрмыста кикілжің болмаған", - дейді ол. Марат Нұғманов, А.Чакиртованың жары: "Сағат сегіздер шамасында Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы дәріханаға барған. Қызым кейінірек ол жердегі бейнебақылаудың жазбасын алды. Түрлі дәрі-дәрмек сатып алған. Жұмыс көп, ұйқысы аз болғандықтан үнемі басы ауыратын", - деп айтты. Дәріханадағы жазбаға қарағанда Аннаның үстінде қара көйлек. Көзілдірік таққан. Шашы түюлі. «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртованың жоғалуы әріптестерінің төбелеріне жай түсіргендей болды. Кейбірі, тіптен жұмыстарын тастап, Аннаны іздейтін еріктілердің қатарына қосылған. Кеше он отыздар шамасында белгісіз нөмірден Аннаның әпкесінің телефонына қоңырау шалынған. Тұтқаның ар жағынан сыбырлап шыққан дауыс естіліп, байланыс үзілген. Бірақ, балалары ол аналары Анна ма, әлде басқа біреу ме әзірге түсіне алмай тұр.Жақындарынан түскен арыздан кейін, ішкі істер департаменті іздеу шараларына кірісті.