Талдықорғанда оқушы қыз жездесінен жүкті болып қалды
15 жасар оқушының жүктілігіне 21 жастағы туысы күдікті деп танылып отыр.
Медициналық тексеруден өткенде оқушы қыздың жүкті екені анықталды. Мектеп оқушысы баланың әкесі әпкесінің 21 жастағы жұбайы екенін айтады. 15 жасар қыздың жүктілігі туралы ешкім хабардар болмаған.
Бірақ колледжге түсу кезінде қыз медициналық тексеруден өтуге мәжбүр болады, сол кезде оның жүктілігі туралы дәрігерлермен қатар полиция да біледі.Ведомствоның хабарлауынша, Талдықорған қаласы полиция басқармасы қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады,деп жазды KYN.KZ тілшісі.
15 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 122-бабы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары бойынша кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы күдікті ретінде танылып отыр", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінен.
Ведомство дерегінше, бірқатар сараптаманың белгіленіп, нәтижесі күтілуде. Қылмыстық істің тергеуі облыстық тергеу департаментінің ерекше бақылауында.