Денсаулық

"Өз нәжісін жегізген": Елордалық медицина факультетінің студенті науқастарды азаптағаны үшін сотталды

Болашақ дәрігер өз кінәсін толық мойындап отыр

Елордада медицина факультетінің студентіне қатысты сот отырысы өтті. Ол бұған дейін егде жастағы науқастар мен ауыр диагноз қойылған балаларды қорлаған. Хосписте жұмыс істеп, науқастарды ұрып-соғып, олардың нәжісін жеп жатқанын видеоға түсірген. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Студент жұмыстан шығарылғаннан кейін балаларды оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар науқастарды азаптауды жалғастырған. Медицина факультетінің студенті өз кінәсін мойындады.

Жәбір көрген науқастардың жақындары студенттің бұл әрекетін түсінбейтіндерін жеткізді.

Енді студент “азаптау” бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.