"Дертіңді айтқың келмейді екен": Медеу Арынбаев денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Әнші Медеу Арынбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сахнадан шеттеп қалған уақыттарын еске алды. Әрі осыдан бірнеше жыл бұрын өзіне ота жасалғанын да айтты деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әнші Медеу Арынбаев өзіне жасалған ота жайлы сыр шертті.
“Оның бәрі артта қалды. Осыдан төрт жыл бұрын денсаулығыма байланысты ота жасалды. Одан кейін бір жылдан аса уақыт өз-өзіме келдім. Дертіңді айтқың да келмейді екен. Сахнада ес жоғалтып қалу деген жағдай болды. Ән айтып тұрып, қан көтеріліп кеткен секілді болды. Оның не екенін де түсінбейсің. Талып қалғаннан Құдай сақтасын. Басқа бір ойға кетесің де, айтып тұрған әнің тоқтап қалады, музыкаң өтіп жатыр. Бұл Алматыда өткен үлкен сахнада болды. Содан кейін мен көңіліме алып қалған шығармын. Сөздің ашығы, сахнадан шеттеп қалған кезім болды. Ота жасалды, барлығы артта қалды. Қазір денсаулығым қалыпты", - деді Медеу Арынбаев.
Бұған қоса Медеу Арынбаев осыған дейін бұдан бірнеше жыл бұрын Төреғали Төреәліні әншілер санатына қоспайтынын айтқан. Әнші отандық бағдарламада сол пікірін түсіндіріп берді.