Жарқынай Ханайым қайын сіңлісі Аша Матаймен қарым-қатынасы жайлы айтты
Әнші Өзбекстанның ауылында туып, Қазақстанда қалай жұлдызға айналғанын айтты
Әнші Жарқынай Ханайым Өзбекстанның ауылында туып, өскенін "Мамский әңгімеде" айтып берді. Ол ата-анасының жалғыз перзенті екен. Сол үшін де анасы әкесінің туыстарынан түртпектеу көріпті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Анам мені босанғаннан кейін жатырынан айырылды. Әкемді туыстары ыңғайы келсе басқа әйелдермен таныстырып, үлкен мамам маға да "Саған туатын мама табайық" деп айтты. Осы сөздер маған қатты әсер етті. Сондықтан да жалғыз қыз болсам да мен өзіме-өзім жауап беріп, пісіп өстім",-дейді Жарқынай.
Ол ата-анасы бетінен қақпай жастайынан музыкалық мектепте білім алғанын айтып өтті. Қазақстан сахнасын бағындыру үшін оқып, жұмыс істеп жан бағып әрі өзін көтеру үшін тынбай еңбектеніпті. Сөйтіп Мақсатқыздарымен танысып, танымал әулетке келін болған.
"Басында Ақжан жылы қабылдады. Бәрін үйретіп, "Жарқынай, уайымдамаңыз, бәрін үйреніп кетесіз" деді. Айдардың мамасы да жақсы, жылы көзқараспен қабылдады. Алдыңғы ренжіп сұхбат бергенде, "Неге Аққу (Аша Матай - еск.) туралы айтқан жоқсың" деді. Біздің қарым-қатынасымыз өте керемет.
Ол мені керемет қабылдап, керемет қолдап, әліге дейін қосылуымызға атсалысқысы келетін, жан-тәнін беріп, семьяны сақтап қалғысы келетін ниетті ол бірден-бір аққу дей аламын. Ең бір аппақ, тап-таза адам. Өзінің ағасына, өзінің сіңілісіне, әйел ретінде маған ортада шыр-пыр болып, күйіп-пісіп, керемет сәттерімізді видеоға түсіріп, халыққа көрсетіп жүретін жан.
Бәрі жақсы қабылданды, бәрі әдемі болды. Өзім де сол ұяға бірден кірісіп кеттім. Себебі Айдарды жақсы көрдім, оның семьясы - менің семьям. Бірақ үйде ешнәрсе істеуді білмеймін. Ақжан үйретті, енем үйретті, үйде көмекшіміз әпкеміз болатын, ол да үйретті", - дейді әнші.