"Менің көзімді құрту деген тапсырма тұр": Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта мәлімдеме жасады
Сотталушы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кезекті сот отырысында әлдекімдер оның көзін құрту үшін әдейі тапсырма бергенін айтады деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа жауап алу мақсатында тағы бір адамды шақыруды сұрады.
“Әбдуғани Беделханның қалай сотталғанын еске алайықшы. Бұл кезде арам пиғылмен жалған құжат дайындау, мөрді ұрлау байқалды.
Мұнда да З.Г. өткен күнмен құжаттарға қол қойған. Сондай-ақ ол алып кеткен құжаттар Серік Қарымсақовта болды. Мұнда “Мұхаммедиұлының көзін құртып, түрмеге отырғызу керек” деген ойластырылған нәрсе тұр. Сол үшін З.Г.-ны шақыртыңыздар.”, – деді ол.
Ол, сондай-ақ, осыған дейін “пандемия кезінде сауық құрып, алкоголь ішіп, банкет өткізді” деп айтылған сөздерге дәлел келтіріп, чек-фактура ұсынуды талап етті. Дәлел болмаған жағдайда “жала жабу” бойынша арыз жазатынын айтты.
Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Артынша, өткен айдың аяғында оған "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің қылмысы туралы сотта түсініктеме бергенімен, Мұхамедиұлының өзі "жала жауып отыр" деп отыр.