Басты жаңалықтар

Павлодарда асханасынандағы ботқадан құрт шыққан мектеп директоры қандай жаза алғаны айтылды

Оқушы ауқаттанып отырып ботқа мен котлеттен құрт тауып, оны түсіріп таратқан еді

Әлеуметтік желіде Павлодардағы мектептің асханасында балаларға берілген ботқадан құрт шыққаны жайлы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Тағам ішіндегі жәндіктің фотосы таратқан желі қолданушылары оқушылардың денсаулығына немқұрайлы қарағандарды қатаң жазалауды талап етті.

Алайда Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры сөгіспен құтылған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Департаментке мектеп директорының атынан жеке кәсіпкерге өтініш келіп түсті. Ары қарай бұл өтініш облыстық ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК органдарында тіркелгеннен кейін тексеріс жүргізілетін болады.