Қоғам

Елімізде енді тағам жеткізу қызметін дрон атқаруы мүмкін

Дрон аппараты 20 келіге дейін салмақты көтере алады.Техниканың бұл жаңа түрі "Digital bridge" көрмесіне қойылды, деп жазады деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Аталған жобаның авторы Американың "ARC" компаниясы. Мекеменің техникалық директоры Әлібек Ертай, осы кезге дейінгі дрондар тек 5 келіге дейін ғана көтере алған. Осы жаңадан құрастырылған аппарат ауыр салмақты жылдам жеткізе алады.

"Жиырма келіге дейін көтере алады. Бір сағат ұшады далада. 42-45 км жылдамдықпен ұшып жүреді. Біз Қазақстанда бұларды алып келмей, осы жақта жасағымыз келеді. Екіншіден, осы жақта тасымалдауды бастағымыз келеді",-дейді Әлібек Ертай, "ARC" компаниясының техникалық директоры.