Мәдениет

Сәкен Майғазиев Түркістан облысында жол апатына ұшырады (видео)

Әнші: Бір Алланың қолдауымен аман қалдық

Сәкен Майғазиев Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жол көлік оқиғасына тап болды. Сөзінше жол апаты қатты болған. Ғажайыптың арқасында екі көлік жолаушылары да аман екен. Әнші көпшілікке жолда абай болуды ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Бір Алла қақты. Әсіресе ана машинаны қаққан екен. Бағанаға ұрмай Құдай сақтады. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды. Бәрі жақсы болсын енді. Бір Алла сақтады, жолда сақ болыңыздар»,—деді Сәкен Майғазиев.

Өзінің көлік апатынан аман қалғанын айта келе, көпшілікті көлікті асықпай жүргізуге  үндеді.

«Асықпаңыздар, жол тар, машина көп. Басып озамыз деп осындай жағдай орын алды. Аллаға шүкір, аман қалғанымызға, жарақат алмағанымызға…Ең бастысы аманбыз»,—деді ол.