Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада ер адам танысын өлтірту үшін адам жалдаған

Астанада ер адам танысын өлтірту үшін адам жалдаған
Астаналық полицейлері тапсырманы орындау гшін жолға шыққан жігіттерді ұстады

Елорданың полиция департаментінің айтуынша, ер адам өзінің танысын өлтіруге арнайы киллер жалдаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана - Көкшетау тас жолында ұсталды.

«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді»,— деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі таңда адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар