Саясат

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша ақша қайтарғаны белгілі болды

Антикор өкілі Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеу әлі аяқталмағанын атап өтті

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының заңсыз шығарған 300 млн долларлық активтері мемлекетке қайтарылды, деп жазды KYN.KZ тілішісі.

Бұл туралы заңсыз шығарылған активтері қайтару жөніндегі комиссия мүшесі, Антикор өкілі Қанат Сүлейменов мәлім етті.

Антикор өкілі Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеу әлі аяқталмағанын атап өтті. Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.