Зейнеткер Қазақстаннан да, Ресейден де 19 жыл бойы зейнетақы алып отырған
ШҚО тұрғыны 2002 жылы көрші елдің азаматтығын алғанымен, Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған.
Зейнеткер 2004 жылдан бері Ресейден де, Қазақстаннан да “қос” зейнетақы алып келген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қазір өзі Ресейде тұрып жатыр екен.
«Мемлекетке 13 миллион теңгеден астам шығын келді», - деп хабарлады бұған қатысты ШҚО көші-қон қызметі.
Құқық қорғау органдары әйелден қазақстандық құжаттарды тәркілеп, азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК (345 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.