Қоғам

Елорда мешітінде тұрғын өзінің ескі аяқ киімін тастап өзгенің 800 мың тұратын кроссовкасын киіп кетті

Ұры бірден ұсталды

Аталған іске сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Полиция қызметкерлері Астана мешітінде аяқ киім ұрлау фактісі бойынша ПБ-ға қала тұрғыны жүгінгенін мәлімдеді.

Жұма намазына келген жәбірленуші қайтарда кроссовкасын таппай қалғанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен қаланың 27 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 14:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан мешітке барғаны белгілі болды. Келушілердің аяқ киімдерінің біріне көзі түскен күдікті, ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, құны 800 мың теңге тұратын Stefano Richi брендінің кроссовкасын киіп кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз қылмысын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.