Қоғам

Түркістан облысында 7 сынып оқушысын студент жігіт жарты жыл бойы зорлап келген

Жәбірленушінің анасы кәмелет жасына толмаған қызына қорлық көрсеткен баланы қатаң жазалауды сұрайды.

Қыздың анасы полицияға да арыз жазыпты. Алайда әділдік іздеген келіншек қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары күдіктіні әлі қамауға алмағанын айтады, дейді KYN.KZ тілшісі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бет-жүзін жасырып, есімін атамауды өтінген келіншек студент жігіт кәмелет жасына толмаған қызымды пышақпен қорқытып, ұзақ уакыт бойы зорлап келген деп отыр. 7-ші сыныпты оқитын қызының жүріс-тұрысы өзгергенін байкаған ана бірден гинекологқа барған. Дерігердің қабылдауынан кейін әйел полицияға шағым түсіріпті.

-Иә, зорлаған. Өз еркімен болған жоқ қой.
Қорқытқан ғой пышақпен қызымды. Каждый неде пышақпен қорқытып, денелерін кесіп тастаган. Менің кінәлілігімді  ешкім доказать ете алмайды. Менің мамамның да, жездемнің де таныстары көп. Экспертиза жақтан да, басқа жақтан да жауып тастаймын. Фас десек жүгіріп кететіндеріміз бар деп айтқан ғой,-дейді  
жәбірленушінің анасы.

Жәбірленушінің анасы бұл жағдай 14 жастағы қызы мен жігіттің достары мектеп қабырғасында басталғанын айтады. Уақыт өте білім ошағын бітірген бозбала қыздың қыр-соңынан қалмай, қайта-қайта келгіштеуді қоймаған көрінеді. Соның салдарынан бүкіл ауылға маскара болдық деген әйел қызын Алматыдағы медресеге жіберген. Ал оның адвокаты істің созылып кеткенін жеткізді.

- Біздің тараптан Сайрам аудандық прокуроры Тілемісовке шағым жазылған болатын. Осы тергеу әрекеттері жүргізілмей жатыр. Созбалыққа салынып жатыр. Алайда ол қараусыз, қанағаттандырусыз қалдырылды. Одан бөлек біз Түркістан облысының прокурорына шағым берілген. Алайда әлі  де іс
Сайрам аудандық ПБ созбалыққа салынып жатыр,-дейді Тимур Сәрсенәлиев,
жәбірленушінің адвокаты.

Полиция сараптама тағайындалып, тергеу
басталғанын мәлімдеді.
"Бұл факт бірден ҚР КК 122-бабының 1-бөлігі
бойынша "Он алты жасқа толмаған адамен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзгде әрекеттер" бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда және сараптамалардың нәтижесімен заңды процестік шешім қабылданатын болады”.