Ресейлік дәрігер қатерлі ісіктен емделудің ерекше жолын ұсынды
Дәрігер Раевский: Адам бойында қандай ауру болса, соның бәрінің мида өз себебі бар
Қазақстанда жыл санап қатерлі ісік ауруы "жасарып", өлім саны көбейіп жатыр. Былтыр дәл осы аты жаман аурудан 13 мың адам қайтыс болыпты. Обырмен күресудің ерекше тәсілін өз тәжірибесінде қолданып жүрген дәрігер Дмитрий Раевский бас- аяғы 2 жылдың ішінде 100 ден асатын адамды дерттен құлан - таза айықтырыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Дәрігер алдымен психологиямен айналысқан. Бірнеше жыл бұрын қатерлі ісік ауруынан айыға алмай анасы өмірден өтіпті. Сол кезде психолог бұл мәселенің себебі түпсанада екенін түсінгенін айтады.
"Мен анам қатерлі ісіктен қайтыс болғанда қанша жерден психолог болсамда ішімде күйзеліс болды. Бірақ, оның себебін анықтау жолында іздендім. АҚШ тәжірибесінен білім алдым. Бұл аурудың өзегін түсінгенде өзгелерге қол ұшымды бермесем болмайды деген байламға келдім. Өйткені бұл аурыр қаза әр шаңырақтың үлкен қайғысы екенін жақсы білемін. Ойыма алған затты жасап бастағанымда оңтайлы нәтижелерді көрдім. Міне мыңдаған адам маған алғыс айтып отыр. Ем іздеп, айтқанымды түсініп, жүйелі жұмыс жасағандар сауықты. Ол меннен көмек сұрайтындардың 80%-і. Өкінішке орай көптеген адамдарда шыдам, төзім тапшы. Содан кейін нәтиже болмайды, соңы дәрігерді бәріне айыптайды",-дейді дәрігер-психолог Дмитрий Раевский.
Дәрігерден ем алып, жағдайы жақсарғандардың бірі - Шкребок Татьяна. Ол қалқанша безіндегі қатерлі ісіктің 4-ші дәрежесіне шыққан дертінен айықты.
"Өткен жылдың қазан айында алғашқы емімді алып бастадым. 4 ай үздіксіз дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындадым. Жаңа жылдың қарсаңында толық УЗИ тексерістен өттім. Ісік толықтай жойылған. Өзім қайран қалдым. Қалқанша безіндегі өзгеріс үнемі қадағалауды қажет етеді. Сол себепті мен дәрігерге айына бір рет немесе екі айда бір рет келіп, толық тексеруден өтіп тұрамын. Қарапайым, еш аурусыз өміріме оралдым деп қуанып жүрмін",-дейді Алматы тұрғыны Шкербок Татьяна.
Бұған дейін алматылық әйел Дмитрий Раевскийден ем алып нәтиже көрмедік деп шу шығарған еді. Дәрігер мұның себебін түсіндіріп берді.
"Бұл жағдай әрине өкінішті. Әйел ұлын емге дұрыс әкелмеді, жарты жолда қалдырды. Араға төрт ай салып бала қайтыс болды. Бірақ жарты жыл өткенде біз қалай жауап береміз? Одан қалды жүйелі ем болмаған кезде ешқандай нәтиже болмайтынын тағы да қайталап айтамын",-дейді дәрігер Дмитрий Раевский.
Дмитри Раевскийдің қатерлі ісіктен емдеу орталығы Ресейдің екі қаласында бар. Қазақстанда Алматы мен Астанада. Енді дәрігер халықтың сұранысына орай өзінің емдеу орталықтарын өзге қалалардан ашуды жоспарлап отыр.