Абай Бегейдің 15 жастағы қызы Инстаграмнан табыс тауып, әкесіне ерекше сылық жасады
Сымбат: бірнеше ай бойы өз табысымды жинап отырдым
Әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат әкесіне өзі табыс тауып ерекше сыйлық жасады. Ол бұл сыйлықты жасау үшін бірнеше ай дайындалғанын айтады. Сымбат алғашқы табысына әкесін Меккеге жіберуді жоспарлап, ниет еткен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Көпшілік Сымбаттың осы сөздерінен кейін тәрбиесіне сүйсіне қараған. Желі оқырмандары жағымды тілектерін жаудырып, бойжеткенге алдағы өмірде жолы ашық болуын тілеген.