Қоғам

Экология министрі ақбөкен санын азайту үшін “ату” туралы шешім шығарды

Алғашында киіктерді тормен ұстауға уәде бергенімен, енді министрлік түнде атып алу тәсілін қолданамыз деп отыр.

Экология, геология жене табиғи ресурстар министрі Ерлан Нисанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақбөкендердің санын реттеуді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ. тілшісі. Оның айтуынша ақбөкендер ауыл шаруашылығына орасан зор зиян тигізіп жатыр екен.

2003 жылы киік саны бар-жоғы 21 мың болған. Мемлекет қыруар ақша салып, ақбөкен санын 1 млн 950 мын басқа жеткізді. Киік жалпы өсімтал мал. Орал өңірі жалпы 300 мың киікті ғана қамти алады. Одан үлкенге жайылымдық жер жетпейді. Ал қазіргі уақытта Орал популяциясы 1 млн 150 мың. Ал Бетпақдалада 800 мыңға жуық.

-Бүгінгі таңда ақбөкендердің саны тарихи көрсеткіштерден асып түсті. Бұл қасқыр сияқты табиғи реттегіштің болмауына байланысты болды. Бұрын құрғақшылық жайылымдардың нашарлауына және жем-шөптің боомауына әкелді. Сонымен қатар, аурулар болды. Бүгінде ақбөкен саны өсіп, ауыл шаруашылығынына зиянын тигізуде. Біз 12 миллиард теңгеден астам шығын туралы айтып отырмыз», - деді министр.