Спорт

Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деп желіге видео түсірген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды

Мұхит Амантаев: Менің жаттығу залымда бәрі тек қазақша сөйлеуге міндетті

Бапкер Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев бүгінде парламенттің жиі  шақырылатын қонағы.Мұхит Амантаев мәжіліс пен сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Бірақ бапкер патриоттық мазмұнда бейнеүндеулерді жиі жариялап жүргенімен, бұлай ғана танымал болуды қаламапты. Мыңға жуық шәкірті бар маман жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын деп отыр.

"Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі «Қазақ ММА Boxing» деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда мінетті түрде қазақша сөйлеуі керек",-дейді бапкер  Мұхит Амантаев.