Абай Бегейдің ұлы өзінің үйлену тойында марқұм анасына хаты жазып, қонақтардың бәрін жылатты
Жалғас: Армандар картасына жазған бүкіл дүниені өкінішке орай өзіңіз көрмедіңіз, балаларыңыз сіз армандаған үйде тұрып жатыр...
Әнші Абай бегейдің үлкен ұлы Жалғас үйленіп, жұлдызды отбасында дүбірлі той болды. Әншінің алғашқы некеден туған балалары марқұм анасын еске алып, іштегі сағынышты хат етіп жазған. Ол жерде бүгінде жұлдыз болып жүрген Абай Бегейдің қарапайым, арманшыл әйелінің отбасындағы бейнесі, рөлі суреттелген. Жалғастың анасына жазған хаты экранға шыққаны сол екен, бүкіл мейрамхана қонақтары көздеріне еріксіз жас алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Сәлем, анашым! Балаларыңыз боп сізге хат жазамыз деп шештік. Мам, балаларыңыз сіздің жылы құшағыңызды сағынды. Басымыз біріксе, өзіңізбен өткен тәтті сәттерді есімізге алып, бір жылап аламыз. Біріміз күйеуге, біреуіміз үлкен өмірге қадам басқалы жатырмыз. Міне, сіздің жалғыз ұлыңыз өзіңізден аумайтын жанды әулетіңізге алып келіп, жоқтығыңызды жасырып жатыр.
Анашым, сіз өте арманшыл едіңіз ғой. Кезінде армандар картаңызда ілулі тұрған үлкен зәулім үй, соңғы үлгідегі машина, тұрғын үйіміздің аппақ ремонты, қонақжайлығыңыз соншалық, тіпті залда тұратын ұзын столға дейін арманыңыз болған. Қызық, сенесіз бе, сол армандаған нәрселеріңіздің бәрін өзіңіз көрмесеңіз де, балаларыңыз көріп жатыр. Мам, сол кезде біз үшін барлығына төзіп, барлық қырсық мінезімізді көтеріп, сабағымызды оқытып, оң тәрбие беріп, әрине, шүкір, бірақ ештеңеміз болмаған қиын сәтте өмір сүрдіңіз және соның жемісін көре алмай жастай кеттіңіз ғой... Кейде еске алып, бір жылап аламыз", - деген Жалғас хатында.