АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ол Сириядағы тыйым салынған ДАИШ тобының қатарына қосылған.
Қазақстан тумасы 46 жастағы Руслан Асайынов бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен, бірақ 2013 жылы ол америка азаматы бола тұра отбасын тастап, Сириядағы тыйым салынған ДАИШ тобының қатарына қосылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Асайынов Сирияға Түркия арқылы барған.
2019 жылы Асайынов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынып, АҚШ-тың Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.
“Үкім Асайыновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнап, Сириядағы ДАИШ үшін снайпер қызметін атқарды. Руслан Асайынов мырза отбасын және елін тастап, лаңкестермен бірге соғысып, басқаларды лаңкестікке үйрету үшін кетті. Қазір ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды
. Руслан Маратұлы Асайынов темір тордың артына қамалған кезде әлем, сөзсіз, қауіпсіз жерге айналды",-делінген Нью-Йорк Шығыс округінің федералды сотының хабарламасында.