Қоғам

“Намаз оқитын жігіт.Көршіміз”. 5-6 бүлдіршінді зорлады деген күдікті қамалды

Күдікті 1990 жылғы Түркістан облысы, Отырар ауданының тумасы.

Түркістан облысы, Отырар ауданында 5-6 бүлдіршінді зорлады деген 1990 жылғы күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Оңғар Қабден телеграм арнасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

"Кеше обедте естідім. Осы жаз айында зорлық-зомбылық жасаған көршім, ағайыным. Больницаға апарып тексерттім, айдан-анық көрініп тұр. Менің талап ететінім мұны экспертизаға жіберу керек. Азаңнан, кеше түннен бері жүрмін. Әлі бір адамды тергемеді. Бұл жерде жалғыз мен емес, бірнеше қызды зорлық-зомбылық көрсеткені айдан-анық боп тұр. Дәрігерлерге апарып көрсеттім, жоғарыға апаратын мүмкіншілігім болмай, таныс дәрігеріме апарып көрсеттім. Алдымен көзім анық жетсін дедім. Көзім жетіп болғаннан кейін барып, айтып отырмын сіздерге. РОВД шақырып кешелі бері осы жерде әлі тұрмын. Қимылдап жатқан тергеушілер жоқ. Бір адамды бірнеше сағат әлі тергеп жатыр", - дейді жәбірленушінің анасы.

Ата-аналардың сөзінше, жәбірленуші қыздардың жас шамасы 7 жас, 10 жас. «Бәрі қатарлас» дейді.

Сондай-ақ қазір зорлық-зомбылық көрген қыз саны үшеу. Әлі белгісіз боп тұрған үш қыз бар. Олар дәрігерге әлі бармаған.

Оңғар Қабденнің аналар тарапына «Мектеп директоры, психолог көмек көрсетті ме?» деген сауалына бір ауыздан «жоқ» деген жауап берілді.

«Жоқ. Кеше түнде мен сағат 3-те РОВД-дан шықтым. Сол кезде директор, тәрбие завучы, психолог үшеуі ғана тұрды. Олар тек «апарып тастайын ба, жеткізіп тастайын ба?» деумен болды. Таңнан бері мен директорды да, район бастығын да, тәрбие жөніндегіні де, ешқандай басшыны көрген жоқпын, біреуі келіп менімен тілдескен жоқ», - деді жәбірленушінің анасы.