Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақстаннан бидай алатын Өзбекстанда нан неге бізден арзан». Министр кібіртіктеп қалды

«Қазақстаннан бидай алатын Өзбекстанда нан неге бізден арзан». Министр кібіртіктеп қалды
коллаж kyn.kz
Өзбекстанда нан біздегіден 100 теңгеге арзан

Ұнды Қазақстаннан алатын Өзбекстанда нан бағасы неге бізден арзан? Сауда вице-министрі бүгін Сенатта осы сұраққа жауап бере алмай әбден састы.

Дүкендерде шарықтап бара жатқан ұн бағасын мысалға келтірген журналистер бидай мен ұнды сатып алатын көршілес елде нан неге бізден бақандай 100 теңгеге арзан екенін түсіндіруді сұрады. Вице-министр Қайрат Төребаев: «бұл ішкі сауда мәселесі, бұған жазбаша жауап берейік» деп, сауалдан сытылып кетуге тырысты.

Бірақ тілшілерден оңай құтылмасын түсінген сауда министрінің орынбасары ақыры кібіртіктеп жауап қатқандай болды. Төребаев алдымен екі ел наубайханаларының шығынын қарау керек дейді. Шенеуніктің Өзбекстандағы нан сапасына да көңілі толмайтын сыңайлы.

"Біз қандай да бір өнімді шығарғанда ел ішіндегі барлық шығын ескеріледі. Бұл ретте электр энергиясы, салықтар мен өзге де шығындар бар. Сондықтан бұл сұрақ бойынша Өзбекстан мен Қазақстан наубайханаларының шығын көлемін қарау керек. Елдегі нан сапасы Өзбекстанмен бірдей ме? Нақты статистиканы айтпас бұрын, әуелі сапаны салыстыру керек. Бұл өте қиын сұрақ",-дейді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар