Қоғам

Шәуілдірдегі балабақша күзетшісі бастауыш сынып қыздарын зорлап келген

Қамауға алынған 33 жастағы тұрғын 2 және 4-сыныптағы қыздарды зорлаған.

Облыстық полиция департаменті зорланған қыз саны үшеу екенін айтады, деп  хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ал ауыл жұрты педофилдің отбасы көшіп кетуін талап етуде. Шәуілдір жұрты үш күннен бері есеңгіреп жүр. Ауылдың 33 жастағы тұрғыны педофил деген күдікпен қамауға алынған. 2 және 4-сыныпта оқитын көрші қыздарды үйіне ойнауға шақыратын азғын олармен білгенін істеп келіпті. Оны қыздардың бірі анасына айтып, артынша өзге балақайлар растаған соң, ол дереу ұсталыпты.

“Киімін шешкен, іш киімдерін шешкен. Сипалаған. Сондай жағдайлар болған. Маман ретінде, жыныстық байланыс дейді, сондай ниеті болған дейміз, ол көзге көрініп тұр. «Мамаңа айтсаң, таяқ жейсің, папаңа айтсаң, үйтембүйтем» деп қорқытқан. Содан кейін ақша берген. Мың теңгеден берген. Бір мәрте үйленіп ажырасқан күдіктінің ұлы бар екен. Анасы, ағасы мен жеңгесімен бір аулада тұратын ол, бөлек кішкентай кепеде тұрыпты. Көрші қыздар үйіне ойнауға жиі келетінін туыстары да мойындап отыр. Бірақ мұндай азғындыққа барғанына ешкім сенбейді. Соңғы үш жыл балабақшада күзетші болып жұмыс істеген жігіттің айуандыққа барғанына ұжымдастары да сене алмай отыр”,-Гүлнұр Сайдубекова, акушер-гинеколог.

Айыпталушыны әріптестері ондай жаман әрекетке баратындай адам емес еді дейді.

“Момын, өте момын. Қарапайым, айтқаныңды уақтылы орындайтын қызметкер. Жаман мінездеме бере алмаймыз. Ұжым сенбейді, әлі де сенбейді. Сенбейміз. Өйткені, айтып тұрмын ғой, көз алдымызда жүрген бала. Бірге қызмет істеген соң, артық қылығы болса, байқалар еді деп ойлаймыз. Қазір азғынның есік алдында тәртіп сақшыларынан күзет қойылған. Үш күннен бері мәслихат құрып жатқан ауылдастары күдіктінің отбасына ауылдан кету туралы шарт қойыпты. Қашан кететіні ертең шешіледі деп отыр”,-Жұлдыз Қинатова, балабақша меңгерушісі.

Күдікті Отырар ауданы полиция басқармасының абақтысында тергеліп жатыр екен.

“ Бір құмалақ үшін 45 әулиет адамгершілік қып, мына жерден көшіп кетейін деп жатыр. Сіздер түсіріп, оны неғылмай-ақ қойыңыздар. Болды, біз олармен сөйлесіп, бәрі бітіп келе жатыр.Көшкенде, олар біз өзіміз енді тұра алмаймыз деп ақылдасып, сонда шешімге кеп жатыр. Күдікті қазір Отырар ауданы полиция басқармасының абақтысында тергеліп жатыр. Үш қызға азғындық жасағанын мойындапты. Резонанс іс болған соң, тергеуді облыс департаментінен келген арнайы тергеушілер жүргізіп жатыр”,-Жұлдыз Қинатова, балабақша меңгерушісі.

Зорлық көргке қыздар және олардың ата-аналарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. 

“ Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен әйел тергеушілерден тұратын тергеу тобы құрылып, қажетті ісшаралар жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Қазір зорлық көрген қыздар және олардың ата-аналарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. Жәбір көрген жеткіншектерге қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбір көргендер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Оны полиция анықтап жатыр”,-Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары.