Басты жаңалықтар

Әлемге әйгілі танымал жұлдыздарың ұрпақтары қазір немен айналысады?

Таланттың тұқым арқылы берілетініне бірге көз жеткізейік

Ата-ананың ерекше дарыны баласына емес, оның немересіне беріледі деген сөз бар. Олай болса KYN.KZ қаншалықты рас екенін тексеріп көрді. Атағы әлемге жайылған танымал жұлдыздардың ұрпақтарымен таныс болыңыздар. Пабло Пикассо және Диана Видмайер Пикассо  width= Белгілі атаны немересі заңгер мамандығын аяқтады. Алайда қан жібермейтіні рас екен, Диана қазір түрлі суретшілердің көрмесін ұйымдастырады, аукциондарға қатысады. Ол өзінің суретші атасы туралы "Пикассо: өнер тек эротикалық бола алады" кітабын жазды. Одри Хепперн және Эмма Феррер  width= Ең сұлу әженің немересі Одри қайтыс болғаннан кейін екі жылдан кейін жарыққа шықты. Ол қазір модель болып жұмыс жасайды. Оның әжесінен айырмашылығы қарапайымдылығы мен ұялшақтығында. Эмма әлемге танымал модель болуды армандайды. Элвис Пресли және Райли Кио  width= Поп музыка каролінің немересі алғаш рет 14 жасында сахнаға шықты, ал 20 жасында өзінің жеке альбомын шығарды. Александр Пушкин және Александр мен Мария-Мадлен Пушкин  width= Екі ұрпақты ұлы поэзия рухы біріктірген. Александр әкесі жағынан соңғы ұл болса, Мария анасы жағынан соңғы қыз. Олар көптеген жылдар бойы бірге тұрып келеді, бірақ балалары жоқ. Олар екеуі де әдебиетке жақын емес. Лев Толстой және Виктория Толстой  width=   Виктория - джаз орындаушысы. Ол Швецияда тұрады. Бірақ орысша сөйлей алмайды, тек "Анна Каренина", "Война и Мир", "Ясная поляна" деп айта алады. Ол атақты атасы туралы біледі. Чарли Чаплин және Уна Чаплин  width= Танымал әзілкештің немересі драмалық рөлдерге жақын актриса болып шықты. Ол "Игра престолов" киносында ойнаған рөлі арқылы танымалдылыққа ие болды.