Қазақстан көгілдір отын қорына бай болғанымен, тарифтің төмендемеу себебі айтылды
Адвокат Гүлбахыт Бижанова көгілдір отын саласындағы былықтың бетін ашты
Қазақстан көгілдір отын қоры бойынша әлемде 15-ші орында. Мамандар бұл қазіргі ахуал, алда алғашқы 10-дыққа іліну мүмкіндігі зор деп отыр. Бұған себеп ретінде әлі бұзылмай, сақтаулы тұрған жер астындағы көгілдір отын кені көп екенін келтірді. QazaqGaz ҰК басқарма басшысы Санжар Жаркешов KAZENERGY форумында мұрты бұзылмай тұрған 4 триллион кубометр көгілдір отын барын айтты. Ал алдын ала болжамда 62 триллионға жетіп жығылартын көгілдір отын қоры бар деп отыр маман.
«Егер біз қазір 15-ші орында болсақ, алдағы уақытта үздік 10-дыққа шығу мүмкіндігі бар деген сөз. Ол үшін қазіргі уақытта ашылмаған күйі, ешкім тиіспей отырған қорды нақтылап, зерттеу жүргізілуі керек. Бұдан бөлек болжалды кен орындары бар. Оларға мүлде зерттеу жасалынбаған. Осы себептерді назарға ала отырып, қазақстан көгілдір отын бойынша державаға, жоқ дегенде аймақтық державаға айналуы әбден мүмкін»,-деді QazaqGaz ҰК басқарма басшысы Санжар Жаркешов KAZENERGY форумында.
Бірақ, орынды белгілеп, алдыңғы қатардан, үздіктер тізімінен көріну мүмкіндігі жоғары болғанымен, «халыққа, қазақстандықтарға мұның пайдасы қанша? деген сұрақ тууы заңды. Өйткені күн санап көгілдір отын бағасына қатысты тарифтердің өсуі байқалуда. Тіпті Қазақстанның солтүстігі мен шығысы Ресейден тасмалданатын көгілдір отынды тұтынуда. Онсыз бұл аймақтарда көгілдір отын мәселесі шешілмесі анық. Сол себепті де Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы уақытта көгілдір отын бағасы өспесе, арзандамасын ашық айтты.
«Павлодар, шығыс өңіріне көгілдір отын тарту бойынша мәселеде алдағы уақытта да ресейлік көгілдір отынға сенім арта аламыз. Бағаны нақтылау бойынша келіссөздердің өзі қиындық тудыруы әбден ықтимал. Бұл жерде баға төмен болмайтынына түсінік таныту керек. Әлемде ондай үрдіс аяқталып кеткелі біраз болды»,-дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Ресейден жеткізілетін көгілдір отын құнын арзандату мүмкін еместігін Энергетика министрінің өзі барынша түсіндіруге тырысқан. Ал, Қазақстанның өзге аймақтарында баға неге қымбат? Өйткені кен орнын тұрған, көгілдір отын өндіріліп, өңделіп жатқан аймақтардың өзінде баға арзан емес. Өйткені монополисттер жағдайқы қолдан қиындатып, бір-біріне түрлі сақтау, жеткізу сынды қызметтер көрсетіп, бағаны өсірген болуы әбден мүмкін. Осы мәселе бойынша адвокат Гүлбахыт Бижанова өзі араласқан істің былығын ratel.kz басылымына берген ақпаратында ашқан еді. Оның сөзіне сенсек «ПМХЗ» АҚ (АО «ПНХЗ») бағаны қолдан шарықтатып, түрлі құйтырқы әрекеттермен бірнеше ЖШС ашып, бір-біріне түрлі қызметтер көрсетіп, бағаны қолдан шарықтатқан. Ең сорақысы сол, қылмыстық істі зерттеген тергеуші прокурормен бірігіп, істі жылы жауып қойған. Бұл күдікті жағдай бойынша павлодарлық газжүйелері ұйымы (ПГСО) Қаңтар қырғынына дейін құқықтық органға арыз жазып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәселенің жіті, әрі әділ тексерілуіне көмектесуін сұраған еді.
Себеп, газжүйелері ұйымы аталмыш зауыттан 2015 жылға дейін тікелей көгілдір отын алып отырған. Бірақ зауыт директоры Шухрат Данбай оларға көгілдір отынды ұлы Абдулла Данбайдың ЖШС-і арқылы , яғни қымбаттау бағада сататын жүйе енгізді.
Осылайша тікелей зауыттан газ алып келген ұйым амалсыз «City Gas Service» ЖШС арқылы жұмысты жүргізетін болды. Ал бұл қызмет үшін олар қосымша әлгі серіктестікке 4500 теңге төледі.
Араға біраз жыл салып ақшаға құнықты ма серіктестік өз қызметін бірден 337 пайызға, яғни тоннасын Бұрын 4500 төлесе жаңа бағамен 15 191 теңгеге қымбаттаты. Ортаға түскен компания бұның себебін тағы бір ойда жоқта пайда болған серіктестік қызметімен байланыстырған. Ол жалға беру мөлшерін 19 642 857,14 теңгеге өсіріпті.
Осы тұста билікке тиесілі зауыт аумағынан жекеменшік екі компания қалай және қайдан пайда болды деген заңды сұрақ туындайды???
Анық болғандай, алғашқы компания зауыт аумағына тамырын 2013 жылы жайып үлгерген екен. "BIG Capital IST» Павлодар мұнай-химия зауытына қарасты 0,5675 га жерін сатып алған. Ол маңда зауыттың қосалқы блок ғимараты, сұйытылған көмірсутекті газдың үш калонкасы, салмақ өлшеу және тұрмыстық заттарға арналған бөлмесі орналасқан.
"BIG Capital IST» компаниясы бұған қарамастан сол тұсқа өзінің газ толтыру станциясын салып, оған келетін газ құбырын тікелей зауытқа жалғап алған. Сонымен қатар, мұнай-химия зауыты еш конкурс өткізбестен өзіне тиесілі сұйытылған газ сорғы ғимараттарын, мұнай-химия өндірісінің технологиялық процесіне қатысатын сорғылардың өзін және технологиялық құбыр мен түрлі сыйымдылық цистерналарын сол серіктестікке беріп жіберген.
Ал 2016-2017 жылдары аталмыш компания зауыт аумағынан тағы 3 учаскені сатып алады. Кейінірек "ПМХЗ" АҚ заңгері САЙФУТДИНОВ куә ретінде жауап алған кезде мәмілелер Шухрат Данбайдың тапсырмасы бойынша жасалғанын айтады.
Осылайша бұрындары көгілдір отын алуға ниеттілер тікелей зауытқа келіп, өзінен алып жүрген болса, бертін келе аспаннан түскендей ауадан ақша жасайтын 2 компания пайда болады. Олар тек газ құбырының бұрандасын ашып және жауып бергені үшін ақша алып отырды.
Олардың әрекеті мұнымен шектелмеді. Зауыт аумағынан теміржол жолдарын, газ құю эстакадасын жетілдірді. Вагон-цистерналарды жалға алып теміржол тұйығын салып ондағы көгілдір отынды барынша монополияндыруға тырысты.
Тіпті зауыттан шыққан газды әлгі тұйыққа дейін жеткізу тоннасына 28 мың теңгені құрады. Ал басқа компаниялар өз вагондарымен алып кетуге кірген болса онда олардың теміржол тасымалы апталап тұралап қалатын.
Былтыр 21 шілде экономикалық тергеу департаменті "City Gas Service" ЖШС Павлодар филиалының директоры Александр КИЧЕРОВКЕ қатысты ірі мөлшерде кіріс алды деген күдікпен ҚР ҚК-нің 221-бабы (нарық субъектілерінің монополиялық жоғары немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеулер белгілеу, сондай-ақ егер олар ірі залал келтірсе, бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғады. Кичеров сонымен қатар "BIG Capital IST" ЖШС-нің ресми өкілі және "Intertrans C. A." Компаниясының "Достық"ЖШС-нің атқарушы директоры болды.
Тіпті өткен жылы қыркүйек айында оның ноутбугынен сорғыш фирмаларға газды ауыстырып тиеу үшін ғана емес, оны экспортқа сату арқылы газдың өзі үшін де ақша алуға мүмкіндік беретін схема анықталды. Заң бойынша газды қайта өңдеуші, яғни зауыт немесе көмірсутек шикізатының иесі ғана сата алады. Ал мұнай-химия зауыты Ресейден келетін батыссібір мұнайын өңдейді. Демек оны сол мемлекет сатуға құқылы.
Десе де бұл мұнайды жеткізушілер олар зауытқа кірген бойда келісім-шартқа қол қоюға «көндірген», оған сәйкес олардың аздаған бағаға газының едәуір бөлігі «Нефтехим LTD» ЖШС меншігі болып шықты. Мұндағы құрамдас бөліктер арқылы полипропилен өндірісі алынды, ал өңдеу нәтижесінде түзілген фракциялар «INTERTRANS C.A.» меншігіне өтті.
Фракциялар құбыр арқылы Павлодар мұнай-химия зауытына қайтарылған. Бірақ бұл үрдісті өңдеудің қажеті болмаса да қосындыны өңдеу деп атады, ал «INTERTRANS C.A.» шикізатты жеткізуші ретінде Павлодар мұнай-химия зауыты мен мемлекетке түсуі мүмкін миллиардтаған теңгенің газын экспортқа сатты.
Биыл 16 ақпанда Кичеровке қатысты қылмыстық іс оның рақымшылық жасау туралы өтінішінен кейін үнсіз тоқтатылған. Тіпті тыныш жасалған әрекетті халық та, зардап шеккен газ желісі ұйымдары да білмей қалады. Сағызша созылған істің мән жайын білмекке адвокат Гүлбақыт Бижанова кіріседі.
Осылайша бір ай бойына іс материалдарымен танысу үшін экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратураның арасында жүгіреді. Бірақ нәтиже болмайды. Ақырында адвокат мән-жайды бас прокуратураға шағымданғаннан кейін бірақ анықтаған.
Адвокат Бижанова іс папкасын қолына алып, ішін қарағанда осы уақытқа дейін не себепті жағдайды қолдан қиындату болғанына көз жеткізген.
Қылмыстық іс папкасынан адвокат тергеушінің іс материалдарына ақша жасап, баға көтеру бойынша ішкі жоспар мен жүзеге асырылған істің сызбасын тіркемепті. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысы прокурорларға берілмеген болып шықты.
Міне осы себепті де көгілдір отын қоры бойынша 15-ші орында тұрған Қазақстан халқы алдағы уақытта газ үшін қымбат төлемесе, арзан тарифке ілінуі мүмкін емес болып тұрған сияқты.