Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жақында ғана келін түсіріп, құда атанған Өмірқұл Айниязовтың келіншегі жүктілігін сүйіншіледі

Жақында ғана келін түсіріп, құда атанған Өмірқұл Айниязовтың келіншегі жүктілігін сүйіншіледі
Инстаграм
Әншінің жары: 2,5 жыл бұрын Құдайдан сұрап алған қызымыз майкөтен болды

Әнші Өмірқұл Айниязов шаңырағындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Әншінің жары жақында ғана ене атанып еді, енді тағы бір мәрте ана атану бақыты бұйырды деп отыр. Бұл жөнінде әншінің өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

"Осындай болып тұрмыз, шүкір. Қазір өзімді жақсы сезінемін. 2,5 жыл бұрын Айсезім деген қызымызды Алладан сұрап алған едік. Қазақта майкөтен деген бар ғой. Сол қызымыз майкөтен болды. Адам асыққанмен Алла асықпайды дейді ғой. Бәріне шүкір",-дейді Айниязовтың жары.

Бірнеше ай бұрын Өмірқұл Айниязоатың үлкен ұлы жол көлік оқиғасына тап болып, аман қалды. Сол жағдайдан кейін үйленіп, әулетте қуанышты, той болған еді. Енді жұлдызды отбасы үшінші мәрте ата-ана атанамыз деп қуанып отыр. Бір апта бұрын жастардың үрдісімен  Айниязовтар отбасы гендер-пати жасаған. ол жерде отбасыға ұл келеді деген белгі болды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар