Ертеңнен бастап полицейлер күшейтілген режимде, көше-көшені аралап жүріп жұмыс істемек
Желіде халықты наразылық шарасына шақырушылар тоқтар емес
Республика күні мерекесіне орай Қазақстанның барлық қаласында дерлік полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істегелі отыр. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев БАҚ өкілдері арқылы хабарлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілердегі түрлі митингіге шақыруларға байланысты ІІМ орынбасары Игорь Лепеха ешқандай митингіге рұқсат жоқ екенін ескертті. Бірақ, әлеуметтік желі арқылы белсенділер қарапайым халықты 25-і күні наразылық шарасына қатысуға үндеулерін жалғастырып жатыр. атап айтқанда олар ДВК Мұхтар Әбілязов бастаған топ мүшелері.