Қазақстанда бұдан былай жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін
Себебі, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне талап күшейеді
Шымкенттегі жекеменшік балабақшалар жабылудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 31 арнасына сілтеме жасап.
Бұдан былай балабақшадағы бейнебақылау камералары полиция департаментінің жүйесіне жалғанып, кіре беріске турникеттер орнатылуы тиіс. Бірақ бұл ережені жүзеге асыруға балабақшалар әлі дайын емес. Мемлекеттен әр балаға субсидия алатын кәсіпкерлер білім басқармасынан жаңа ережеге өзгеріс енгізуді сұрап отыр.
Шымкенттегі 534 жекеменшік балабақшаның меңгерушілері қазір тығырыққа тірелген. Жаңа заңнама бойынша енді бөбекжайдағы бейнекамералар тікелей полиция департаментіне жалғануы керек.
Сондай-ақ ғимараттың кіре берісіне турникеттер орнатылуы тиіс. Барлығын орындауға бір ай уақыт берілген. Бірақ балабақша басшылары жаңа ереженің кемшін тұстарын жіпке тізіп, әлі дайын емеспіз деп отыр.
«Серверде барлығын қамтамасыз етуге орын жоқ деп жатыр. 100% ЦОО-ға қосылмаған. Жабылып қалуы мүмкін. Барлық басқа талаптар орындалып жатса, бұған басқа жағынан заң қарастырып көреміз», – дейді «Үздіксіз білім беру» қауымдастығы филиалының директоры Диана Қарманова.