Ақмолада биыл шахтаға жасырын кіріп, алтын іздеген 3 адам қаза тапты
Заңға сәйкес қауіпті өндіріске жасырын кіргендер 7 жылдан 10 жылға дейін түрмеге кесіледі.
Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Степногорск аумағында «Алтыналмас» компаниясына тиесілі алтын өндіретін кеніштер бар. Биылғы жылдың өзінде осы шахталардан жасырын кіріп, алтын іздеген 3 адамның денесі табылды.
Жалпы соңғы 5 жылда осы кеніштерге заңсыз кірген 4295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.