Синоптиктер алдағы үш тәулікте күннің күрт суытатынын мәлімдейді
Елге қарай Скандинавия түбегіндегі арктикалық суық ауа ығысады.
Соның салдарынан, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Батыс пен солтүстікте түнде үскірік болады. Бұл өңірлерде сынап бағанасы бес градустың төңірегін көрсетеді. Жалпы суық ауа райы алдағы үш күнде ғана емес, осы кезең бойы сақталады дейді мамандар. Бұған Солтүстік циклон себеп. Күздің қалған уақытында қатты жел тұрып, нөсер жауады. Кейбір өңірлерге қар түсіп, көктайғақ болады.