Қоғам

Студентін дәптермен ұрған теміртаулық мұғалім жұмыстан шығарылуы мүмкін

23 жастағы жас мұғалім қыркүйекте ғана жұмысқа тұрған екен.

жөніндегі кеңесте шешілетін болады,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге таралған видеода ашулы ұстаз студенттін басынан дәптермен бірнеше мәрте ұрып жібергенін көруге болады. Алайда 16 жастағы жігіттің денесіне ешқандай зақым келмеген. 

Жәбірлендім деген шәкірт тәлімгерінің үстінен бірден арыз жазған.

Білім басқармасындағылар келеңсіз жайтқа жол берген білім ордасының басшысы жазасыз қалмайтынын жеткізді. Ал, студентке қазір психологиялық көмек көрсетілуде.

“Теміртау колледжінің мәліметіне сәйкес аталған педагогке қатысты әдеп жөніндегі кеңес өткізетін болады. Кенестің қорытындысы бойынша жұмыстан босатуға дейінгі ең қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай бұзушылыққа жол берген Теміртау коледжінің әкімшілігі де қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады”,-дейді Индира Искакова, Қарағанды облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.