Мәдениет

Әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденімен марапатталды (фото)

Әнші наградамен марапатталғанын Instagram парақшасында бөлісті

Республика күні қарсаңында өнер иесі “Құрмет” орденімен марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым. Шынымен, күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет. Осы атаққа лайық еңбек етуге, атқарған сенімді ақтауға барымды саламын. Басымды иемін", - деп жазды Әли Оқапов.

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың қатарында айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, сондай-ақ белгілі жазушылар бар.