"Араққа қарсымыз": Қарағанды облысында ауыл тұрғындары дүкендердегі бүкіл ішімдікті сатып алып, сындырды
"Мұндай шешім қабылдау да оңай болмады" - дейді тұрғындар.
Абай ауылының тұрғындары дүкендердегі барлық ішімдікті сатып алып, "Араққа қарсымыз" деп ұрандатып, оны көптің көзінше тас-талқан еткен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ішімдіктен бас тартуды ауыл ақсақалдары ұсынған. Оны жастар қолдаған.
Тұрғындардың айтуынша, бұл – үлгілі ауыл атанудың алғашқы қадамы. Ендігі мақсат — ауылдағы қылмысты жою. Тұрғындар ішімдіксіз ауылда бұған қол жеткізу қиын болмайтынына сенімді.
Бұдан бөлек, елімізде елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдар жетерлік. Мысалы, Жамбыл облысындағы 5 бірдей ауыл, Түркістан облысында 10-нан астам ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартқан.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік және Қарағай ауылдары, Жетісу облысы, Сарқан ауданындағы Абай, Ұлытау облысындағы Сәкен Сейфуллин ауылдары да ішімдіктен бас тартқан.