Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Бір күнде 4 баласынан айырылған ата-ана ауруханада ессіз, талып жатыр
Аягөз қаласында жеке үйлерден өрт шығып, төрт баласынан айырылып, қан жұтып отырған ата-ана 2019 жылы 1-2 тоқса ғана атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АӘК-ден "өз еркіммен бас тартамын" деп жазғызып алған. Бұл туралы Ongar_online Телеграм арнасы жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Бір күнде төрт баласынан айырылған әке-шешесі ессіз, талып жатыр. Әкесі Аягөздегі "Қазығұл" жекеменшік ауруханасында жедел жәрдем көлігінде шопыр болып қызмет істейді. Алатын айлығы - 120 мың теңге
Шешесі - жұмыссыз. 2019 жылы 1-2 тоқсан ғана АСП алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АСП дан "өз еркіммен бас тартамын" деп жазғызып алған. 2019 жылдан бері АСП алмайды. АСП алмайтын себепті шешесі сиыр сауып, базарға сүтін сатып отырған. Төрт баланың біреуі мүгедек болыпты деп жатыр. Ақпарат нақтылауды қажет етеді”, деп жазылған.
Айта кетейік, 25 қазан күні сағат 11 шамасында Абай облысы Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде өрт шығып, бір үйдің 4 баласы қаза тапқан. 8 жасар егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы інілері көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болғаны айтылған болатын.