Қоғам

"Көзімнен жас шығып, жылап тұрған едім": қазақстандық журналист Нью-Йорк әкімінен қалай сұхбат алғанын айтты

Журналист: АҚШ-та туымды көріп жылап тұрсам әкім көмекшісі келіп жұбатты

Журналист Гулвира Бигалиева Нью Йорктағы әсерімен әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Мына кісі Нью Йорктің әкімі Эрик Адамс мырза. Мен әкімнің өзіне барып тұрып сұхбат алдым. Біздің туымызды көкке көтеріп жатқан кезде көзімнен жас шығып көңілім босап қалған ғой. Сол кезде көзімді сүртіп жатсам Эриктің қасындағы адамдары қасыма келіп, неге жылап тұрсың, саған міндетті түрде сұхбат береміз деп қояды. Мен сұхбатқа бола емес, музыкаға жылап қалдым деп қатырдым общем. Көк ту мен әнұранның қасиеті жоғары екен.Қадірлейік, ешқашан құлатпайық",-деді журналист.