Қоғам

«Балаларға арналған ұлттық қор»: баланың шотына алғашқы төлемдер қашаннан бастап түседі?

Алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балалардың есепшотына түседі

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, бір балаға шаққандағы соманы анықтауға бір ай қажет, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Бұл қарапайым арифметика.18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50%-ы 18 жасқа дейінгі балаларға бөлінеді.Осылайша, бір балаға шаққандағы сома анықталады және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанына деін жүргізіледі. 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақша алу үшін электронды платформа арқылы өтініш беруге құқылы», - деді ол бұл туралы.

Темірбековтің айтуынша, ата-аналар есептеулерді екі жолмен бақылай алады. Біріншісі – БЖЗҚ сайты, екінші жолы – eGov жүйесіндегі шот.