“Дәрі салып кеткен”. Екібастұзда бір жарым жасар бүлдіршін кенеттен ажал құшты
Ата-анасы дәрігерлерді кінәләп отыр
Павлодар облысы, Екібастұз қаласында бір жарым жасар бүлдіршін кенеттен қайтыс болды. Ата-анасы бұл іске дәрігерлерді кінәләп отыр. Бұл туралы ongar_online Telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Ұлымыздың тамағы ауырып жөтел пайда болды. Жедел жәрдем шақырттық. Олар дәрі екті де кетіп қалды. Ал, келесі күні баланың жағдайы ауырлап кетті. Қалалық ауруханаға апарғанда дәрігерлер жұмыс орнында болмай, баламыздың жағдайы тіптен нашарлап кеткен. Кешкісін қайтыс болғанын естідік”,-дейді ата-ана.
Қазір арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізілуде.