Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында 23 бухгалтер қамауға алынды

Жетісу облысында 23 бухгалтер қамауға алынды
Stan.kz
Aнтикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеуде

Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, антикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеп жатыр, 23 адам күдікке ілінді. Оның 21-і Талдықорған қаласының білім бөлімінің және №14 орта мектебінің бухгалтерлері.

Сот санкциясымен тоғыз адам қамауға алынып, 31 жылжымайтын мүлік, 14 автокөлік, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат тәркіленді.

Бұл ақпарат желі қолданушылары арасында талқы тудыруда.

Бір тарап “директорсыз бухгалтер жалғыз жей алмайды, 23 директор қамалу керек”, “бухгалтерлерді  қамап көз бояушылық  қылғанша, сол қылмысқа  жол берген  басшылар мен әкімдерді неге  қамауға алмайды?” десе, бір тарап “дұрыс болған, кезінде бір бухгалтердің мемлекеттік сатып алудан ақша жасағанын көргенмін, басшылар оларға сеніп, “қол қой” десе қоя береді”, деді

Ұқсас жаңалықтар