Қоғам

Сібір жарасын жұқтырған қарағандылық ауруханда көз жұмды

Тұтастай бір ауыл карантинге жабылды

Сібір жарасын жұқтырған жан сақтау бөліміндегі науқас қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуына, науқас медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен де оны аман алып қалмау мүмкін болмаған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қазір Қарағандыға қарасты Топар ауылы түгелдей карантинге жабылды. Ет мен сүт өнімдерін ауылдан шығаруға тыйым салынған.

Кеше науқастың реанимацияда жатқанынан хабар болған. Әкімдіктің мәліметінше, тұрғындар ауру белгісі бар бұқаны сойған. Кейін үш ауыл тұрғынында сібір жарасы диагнозы анықталған.  Ауруханаға түскендердің бірі жансақтау бөлімінде жатты. Тағы 2 адам дәрігер бақылауында болған.